Жылыойлық ақындардың өлеңдері жинаққа енді

Жылыойлық жас ақындар жырлары республикалық жинақта

2019 жыл Жастар жылы деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда Астана қаласында жас ақындар мүшәйрасы өтті. 100-ден аса қатысушылардың арасынан 20 ақынның өлеңі мүшәйра қорытындысы бойынша шығатын «Біз жастарға сенеміз» атты кітапшаға енгізуге іріктеліп алынған. Оның ішінде жерлестеріміз Әлібек Амандықов пен Нұрлыбек Амандықовтың «Біз жастарға сенеміз» өлеңдері жыр кітабында жарық көрді.

Әлібек Амандықов – аудандық, облыстық, республикалық жас ақындар мүшәйраларының жүлдегері. Облыстық «Конферансье» байқауының лауреаты.

Нұрлыбек Амандықов – Жылыой ауданының 90 жылдығына арналған «Ақынын ардақтаған ел тозбайды» мүшәйрасының III орын, Ақтөбе қаласында өткен «Көк тудың желбірегені» мүшәйрасының I орын, «Салт пен дәстүр – ұлттың тірегі» мүшәйрасының I орын иегері.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521