Жылыой ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы лауазымына Баймағамбетова Дана тағайындалды.
Өмірбаяны:
Баймағамбетова Дана 1994 жылдың 20 тамызында Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген.
Білімі:
• №13 жалпы орта білім беретін мектептің түлегі.
• 2010-2013 жж. – Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі, «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығы.
• 2013-2016 жж. – Атырау мұнай және газ институты, «Мұнай газ ісі» мамандығы.
• 2017-2019 жж. – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы.
Еңбек жолы:
• 2013-2015 жж. – «Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалында іс жүргізуші.
• 2015-2019 жж. – Жылыой ауданы Жастар ресурстық орталығында маман.
• 2019-2024 жж. – «Biolabs» ЖШС мекемесінде лаборант-химик.
Баймағамбетова Дана жастар саясаты саласында тәжірибесі мол, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман.
Жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!