Жастарға жағдай жасалады

Бүгін қыркүйек айының 1-жұлдызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, бүкіл қазақтандықтардың еңсесін тағы бір көтеріп тастады. Президент онда жастар мәселесіне де айрықша көңіл бөлді. Еліміздің болашағы - жастарға қай-қай салада да жол берілуі керек деген ойы көңілге қонымды болды. Жасыратыны жоқ, қазіргі жастар диплом алып жұмысқа орналасқанымен, жұмыс тәжірибесі болмаған соң жоғары жалақылы қызметке қол жеткізе алмайды. Осыған байланысты мемлекеттік және осыған салалас жұмыс орындарында мамандар тұрақтамай,көптеген жас кадрларды жоғалтудамыз. Осыны жақсы түсінген Мемлекет басшысы еліміз бойынша орташе еңбекақы сомасын көтеруге тапсырма берді. Алға қарай еліміздің ертеңі - жастарға арнаған жаңа бағдарламар қабылданатын болады. Қазірдің өзінде Президенттік жастар кадр резервінің бірінші іріктеу кезеңдері өтуде. Қорытындылай келе айтарым: Мемлекет басшысы айтқандай бәріміз Әділ, Адал азамат болсақ, сол уақытта ғана елімізде әділдік орнайды. Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз. Әлібек Амандықов, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT