Жастардың басын қосқан «Quiz» сайысы

Жастардың ой-өрісін, білімін жетілдіру, бос уақытын тиімді өткізуге арналған «Quiz» ойыны елімізде қарқынды ұйымдастырылып жүр. Жалпы, «Quiz» сөзі ағылшын тілінен аударғанда викторина, сауалнама деген мағынаны білдіреді. Ойын ретінде шамамен 1975 жылдарда танымал бола бастаған. Мұнда қатысушылар топ болып бірігіп, сұрақтарға тапқырлықпен тез әрі шапшаң 30-60 секундта жауап беруден бөлек, логикамен де сыналады. Жарыстың орташа ұзақтығы – 2-2,5 сағат. Интеллектуалдық алаңда шамамен 35-50 сұрақ қойылады. Еуропада зияткерлік ойын өткен ғасырда қанатын кеңге жайса, көршілес Ресейде бұл 2010 жылдың ортасында ғана аудитория жинаған.

Жастардың арасында кең тарала бастаған интеллектуалдық сайыс ойы ұшқырлардың бас қосатын бірден бір ортасына айналып келе жатқаны қуантады. Оған қатысқысы келетін жастарға шектеу жоқ. Ауданымызда да бұған дейін бірнеше мәрте өтті. Өткен аптада облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оған мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, спортшылар, өнерлі жастар, жайдарманшылар, әртүрлі сала қызметкерлерінен құралған 6 топ қатысты. Сайыстың мақсаты – қазақтың тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ғылымы, өнері, әдеби мұраларын насихаттау, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру, сондай-ақ ана тілімізді, білім культін мамандар арасында кең насихаттау, зияткер орта қалыптастыруға үлес қосу, қызметкерлердің танымын арттыруға, ізденуге, алған ақпаратты қысқа уақыт ішінде сараптан өткізуге, қисынды ойлауға баулу.

Қатысушылар əр тур сайын тест, суретті, күрделі жəне тақырыпты, медиа сұрақтарға жауап берді. Ойынның нəтижесінде мұғалімдерден құралған құрама жеңімпаз атанса, жастардан құралған «Құрдастар» командасы екінші орынға ие болды. Үшінші орынды «8 сағат» деп аталатын мемлекеттік қызметкерлерден құралған команда жеңіп алды.

Аталған командалар Атырау қаласында өтетін финалға жолдама алды. Барлық қатысушылар алғысхаттармен марапатталды.

Перизат ҚИЗАТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521