Жас техниктер сайысқа түсті

Робототехника - қазақстандағы ең жас және күрделі саланың бірі.

Технология қарыштап дамыған сайын роботтардың қолданылу аймағы да ұлғайып барады. Осыған байланысты жас ұрпақтың робототехникаға деген қызығушылығы күн санап артып келеді.

Өткен аптада аудан көлемінде алғаш рет «Зияткер» тақырыбында жас техниктер арасында жарыс өтті. Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырылған бұл сайысқа барлығы 8 команда қатысты. Олардың 4-еуі жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары болса, қалған 4-еуі қаладағы қазақ-түрік лицейі оқушыларынан құралған команда болатын. Қатысушылар «Механикалық сумо» және «Арқан тартыс» кезеңдерінде өз қолдарымен жасаған робот машиналарының күшін тексерді.

Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат - мектеп жасындағы балалардың техникалық шығармашылығын арттыру, тәжірибе алмасу, ауданда робототехника саласын одан әрі дамыту.

Сайыс нәтижесінде «Арқан тартыс» кезеңі бойынша III орынды М.Бекім, II орынды Н.Бақытжан, I орынды Р.Мұхан иеленді. Ал «Механикалық сумодан» III орынға Ж.Орынбасаров, II орынға Н.Жұмаш, I орынға А.Кириллов ие болды.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521