Шоқпатоғайлық Сағадат – әскери ұшқыш

№3 жалпы орта білім беретін мектепте «Біздің мектептің түлегі – әскери ұшқыш» тақырыбында сұхбат өтті. Оны алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушысы А.Абилхайыров ұйымдастырды.

Осы мектепте оқыған талабы таудай жас Елеубай Сағадат Асылұлын тек мектебі ғана емес, барша ауылдастары мақтан етеді. Оның себебі де бар. Ол - Ақтөбе қаласындағы Екі мәрте Кеңес Одағының батыры, Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанты. Болашақ әскери ұшқыш №3 мектепте оқыды, осы білім ұясының 2020 жылғы түлегі.

Елеубай Сағадат кездесуге келген ауылдастары мен мектеп оқушыларына өзі таңдаған мамандық туралы әсерлі әңгімеледі. Институттағы қызықты сәттерімен бөлісті. Жас жеткіншектер оның әңгімелерін зор ынтамен тыңдады. Сағадат оларды Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтына оқуға шақырды. Биылғы мектеп түлектеріне ҰБТ-дан жоғары балл жинап, қалаған мамандық иелері болуларына тілектестігін білдірді.

Жоғары сыныптың шәкірттері сұрақтар блогын дайындаған. Мектеп директоры Шолпан Оңғарбаева сөз сөйлеп,  іс-шараға келгені үшін алғысын білдіріп, Е.Сағадатты марапаттады.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні ұйымдастырушысы және оқытушысы А.Абилхайыров та алғысын білдіріп, «Ғасырлар тоғысындағы қазақ жыры» атты кітапты сыйлады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521