Олардың еңбегі есепке құрылмайды

-Адам бір нәрсеге тәуекел етпес бұрын «Мұның маған пайдасы қандай? Мен осы нәрсені жасау арқылы қаншалықты жоғары дәрежеге көтеріле аламын?» деп өзіне сұрақ қояды ғой. Ерікті болудың айырмашылығы да осында, еріктілер белгілі бір есеппен жұмыс жасамайды. Ерікті болу арқылы мен көптеген адамдардан алғыс аламын, жақсылыққа кенелемін. Бұл менің адамгершілігімнің белгісі деп есептеймін.

Менің бала күнімдегі армандарымның бірі концерттік бағдарламаларда жүргізуші болу еді. Міне, осы арманым бүгінде іске асып отыр. Мұны да қоғамдық өмірге өз еркіммен араласуымның оң нәтижесі деп білемін. Еріктілер – адамдарға тегін көмек көрсеткенімен, оларға мемлекет тарапынан көптеген қолдау білдірілуде. Өзіміздің қор жетекшісі Алтынгүл Атабаева да өзінің семинар-тренингтеріне ақысыз қатысуға жағдай жасап жүр. Ең маңыздысы, сенімді, ақкөңіл достар таптым.

Диас Бердешов,

С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ

технологиялық колледжінің I курс студенті, ерікті

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика