ӨЗГЕГЕ ҮЛГІ БОЛҒАН ӨРЕН

Бабаларымыз жаужүрек батыр болған, ұланғайыр жерімізді шашақты найза, асыл қылышпен қорғап, бүгінгі ұрпағына аманаттаған. Ұлттық генімізде де ержүректілік пен жауынгерлік қасиеттер үстем болғанын тарихтан білеміз.

Содан ба, қазақ халқы қашан да ұл баланы отбасының тірегі, елдің қорғаны болуға тәрбиелеген. Көкірегінде намысы, бойында күш-қуаты бар, Отан үшін отқа түсетін әрбір азамат әскер қатарында болып, ел тыныштығын күзетуге өз үлесін қосады. Ата-баба аманаты болып қалған ұлан байтақ қазақ даласын аман сақтап, бейбіт күнде баянды тіршілік ету тәртіп пен тәрбиеге байланысты.

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы бекер айтпаған. Ата Заңымызда “Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті” деп айқын жазылған.

Демек, еліміздің азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскер қызметін атқару барысында бір ғана мақсатты көздейді. Ол – Республика қызметінің түбегейлі қағидалары болып табылатын қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылыққа, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық дамуға, қазақстандық патриотизмге адал қызмет ету.

Азаматтық борышын ғана өтеп қоймай, осы әскери салада еңбек етемін деп әскер болуды қалаған жастар да елімізде аз емес. Солардың арқасында айбынымыз асқақ, мәртебеміз биік, шекарамыз тыныш. Себебі, біз - өз қуатты әскері бар егемен елміз. Әскери маман боламын деп шешкен жастар ауданымызда да бар. Солардың бірі – жылыойлық Марат Медет Саматұлы.

Ол 2017 жылы Шоқпартоғай ауылындағы мектепті бітіреді. Сол жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі академиясына оқуға түседі. 2021 жылы академияны ойдағыдай аяқтайды.

Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінде қызмет етеді. Шені - лейтенант. Жерлесіміз абыройлы еңбек етуде. Осындай өрендерге қарап өзге жеткіншектер үлгі алса дейміз.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521