«МЕНІҢ ӘКЕМ– ЕҢ ЖАҚСЫ АДАМ»

Таяуда Құлсары қаласындағы аудандық орталық кітапханада «Әке жолы – ізгі жол» атты әкелерге арналған поэзия сағаты өтті. Отбасының тірегі, асқар таудай тұлғалар ту- ралы әуелеген әндер шырқалып, жүректі тебірентер ақын жырлары оқылды.

Орталық кітапхана мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл шараға дені жас жеткіншектер қатысып, өз өнерін көрсетті. Шараның шымылдығы асқар тау – әкелерге арналған мағыналы бейнебаянмен ашылды.

Кеш барысында Махамбет Асанов, Айым Мақсотова, Салима Қабдоллаева, Балауса Бекболатқызы, Ақзат Даниярқызы күллі қазаққа танымал ақындардың әкеге арнаған жырларын жатқа мәнерлеп оқыды. Келесі кезекте Мансұр Ысқақов «Менің әкем – ең жақсы адам» әнін тебірене шырқап, сол жердегі тыңдарманның жанарына жас сүйірді. Кітапхана қызметкері Гаухар Айтуарова да «Әкеме әнім» әнін гит арада әдемі орындады.

Өрендер өнерін көрсетіп болғасын, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің филология факультетінің 3-курс студенті Ақзат Даниярова «Әке – ұрпақтың панасы» атты кітап көрме сімен таныстырды.

Поэзия сағатының соңында шараға белсене қатысушылар кітапхана тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталып, алғыс айтылды. Келген көрермендерде күйбің тірлікте көп түсіне бермейтін әкелеріміздің қадірін жете сезініп, жақсы әсермен тарқасты.

Е.АХМЕТКӘРІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT