ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Жылыой ауданында білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, әз - Наурыз!» атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік шараға қатысқан ардагер ұстаз Н.Төлеуов және аудандық білім бөлімінің басшысы А.Қақпанбаева, ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Нұрмаханова, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Н.Сауытов мұғалімдер мен оқушыларды Наурыз мейрамымен құттықтап, оқушыларға ұлттық мейрамымыздың мән-мағынасын айтты.

Наурыздықта қазақтың әдет-ғұрыптарына ерекше көңіл бөлінді. Ұстаздар мен оқушылар «Шілдехана», «Тұсау кесу» және «Қымызмұрындық» секілді дәстүрлерін көрініс арқылы көпшілікке жеткізді. Сондай-ақ, дәстүрлі ән, күмбірлеген күй мен мың бұралған би жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз