«Әлем – балалар көзімен»

Әр шаңырақтың мәні мен сәніне айналған балапандардың мерекесіне орай "Қызғалдақ" бөбекжай-балабақшасында сурет көрмесі өтті. Сурет байқауын балабақша тәрбиешісі Жазира Саламатқызы ұйымдастырды.

"Әлем – балалар көзімен" атты тақырыпта өткен сайысқа ортаңғы және ересек топ тәрбиеленушілері қатысты. Байқау нәтижесі бойынша көрмеде өз ойын еркін жеткізе білген балғындарға түрлі сыйлықтар үлестірілді. Шара барысында "Қызғалдақ" бөбекжай-балабақшасының басшысы бүлдіршіндерді айтулы мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бағдарлама барысында балалардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында түрлі ойындар ойнатылып, би биледі.

Сонымен қатар, балғындарға ән мен жырдан шашу да шашылды. Сурет сайысында өте жақсы жұмысын көрсеткен "Жұлдызша" ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Дәукен Қанатұлы бас жүлдені иеленсе, Айкөркем Мақсатова 1-орынды жеңіп алды. Ал, 2-орынға "Дельфин" ересек тобының тәрбиеленушісі Әмір Қанат тұрақтаса, "Жұлдызша" тобының тәрбиеленушісі Інжу Шымырбай 3-орынды қанжығалады. Олардың барлықтары арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Айнұр МАХАМБЕТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521