КІТАП ОҚЫМАЙТЫН ЖАСТАРҒА АЙТАРЫМ...

«Оқуды тоқтатқан адам ойлауды да тоқтатады»

Қазіргі жасөспірімдер көп уақытын әлеуметтік желіде өткізеді, кітап оқымайды. Мен оларды қолдамаймын. Сондықтан осындай жастарға кітап оқудың пайдалы екендігінің 5 себебін айтқым келеді.

Кітап оқу есте сақтау мен ойлауды дамытады

1) Оқу кезінде біз шығарманың идеясын түсіну үшін көбірек ойланамыз. Әдетте кітап оқу кезінде біз көптеген нәрселерді көзге елестетеміз: кейіпкерлер, олардың киімдері, қоршаған заттар. Бұл есте сақтауды жэне логиканы дамытады. Ал кинофильм немесе бейнероликтерде материалды дайын күйінде көретіндіктен, ойлау, қиялдау тәрізді іс-әрекеттер шектеледі.

2) Кітап оқу сізді жасартады. Адамның миы қартайған кезде адам ағзасы да қартаяды. Кітап оқу сіздің миыңызды үнемі жұмыс істеуге мәжбүр етеді, осының арқасында сіз баяу қартаясыз.

3) Кітап оқу ұйқыны жақсартады. Ұйықтар алдында жүйелі түрде кітап оқу пайдалы. Сіз ұйқынызды жақсартып қана қоймай, сонымен бірге таңертең сергектікті сезінесіз.

4) Кітап оқу сіздің ой-өрісіңізді кеңейтеді. Кітаптар - алуан түрлі білімнің қазынасы. Өзін-өзі дамыту, тарих және фантастика, қиял мен шытырман оқиғалар, детектив сияқты кітаптарды оқи отырып сіз өзіңізге пайдалы нәрсе таба аласыз.

5) Кітап оқу стрессті азайтады. Кітап оқу –демалудың және жақсы уақыт өткізудің тамаша тәсілі. Оның үстіне кітап оқу- керемет тәжірибе.

Осымен қатар мен француз философы және жазушысы Дени Дидроның сөздерін еске түсіргім келеді: «Оқуды тоқтатқан адам ойлауды да тоқтатады».

Жанат КАРАҒОЖИЕВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521