ӨҢІРДІҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Департамент басшысының қатысуымен Өңірлік кадрлық резервіне іріктеу және мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар бойынша ақпараттық-түсіндірме бағытында жастармен кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов өңірлік кадрлық резерві жобасына іріктеудің талаптары мен тәртібі, мемлекеттік қызметке орналасу бойынша ЖОО-ның түлектеріне берілген мүмкіндіктер туралы ақпараттандырып, өңірлік кадр резерві бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар ұсынды.

Өз кезегінде, Өңірлік кадрлық резервтің басты мақсаты – өңірдегі талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобына қалыптастыру екенін баяндап, жиынға қатысқан барша жастарды Іріктеуге белсене қатысуға мүмкіндіктерді жіберіп алмауға шақырды.

Атап өту қажет, Іріктеуге:

35 жастан аспаған;

жоғары білімді;

3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Кандидаттардың құжаттарын қабылдау 1-31 наурыз аралығында onir.pkrezerv.gov.kz. сайтында жүзеге асырылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521