«Ер Тарғын» жырын жатқа айтатын Диляра

Толғауы тоқсан тіл зергерлігінің үлгісі боп саналатын әдеби мұрамызды өзі секілді құрбы-құрдастары мен замандастары арасында насихаттап жүр.

Бабалар қалдырған бай мұра - ауыз әдебиетінің жауһарлары кім-кімді де тамсандырады. Түбі бір түркі халықтарына ортақ жыр, дастандардың тарихы бағзы ғасырлардан басталып, ауыздан ауызға күмбірлей көшіп, бүгінгі электрониканы игерген заманауи ұрпағына да жетті.

Ауданымыздағы жастар арасында, әсіресе өзге ұлт өкілдері арасында да қазақтың жыр, дастандарын сүйіп оқитындардың көптігіне көңіл қуанады. Солардың бірі - Құлсары қаласындағы Д.Жазықбаев атындағы №16 орта мектептің 10 класс оқушысы Диляра Шафигуллина Зайноллақызы «Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік символы" республикалық байқауы аясында өтіп жатқан "Мен қазақша сөйлеймін" акциясына қатысуда. Ол "Ер Тарғын батыр" жырынан үзіндіні жатқа айтады. Толғауы тоқсан тіл зергерлігінің үлгісі боп саналатын әдеби мұрамызды өзі секілді құрбы-құрдастары мен замандастары арасында насихаттап жүр. Өткенді құрметтеп, асылды ардақтайтын осындай жастар барда ұлттық құндылықтарымызды да тот баспасы анық.

С.Тәжіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521