«Елімізде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталуда

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда.
Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;

Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;

Сыртқы саясат және инвестициялар;

Экономикалық және қаржылық саясат;

Цифрландыру;

Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;

Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

- Құжаттарды қабылдау;

- Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;

-Ситуациялық тапсырмаларды шешу;

- Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);

- Сарапшылық комиссияда әңгімелесу; - Ұлттық комиссия отырысы.

Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады».

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз