Cмартфондарға тәуелді боп қалмайық!

Смартфондар мен планшеттер бала психологиясына кері әсерін тигізбей ме? Осы секілді сұрақтар кім-кімді де алаңдатпай қоймас. Әрине, смартфон демекші, қай ата-ана болмасын баласының қатарынан қалмауын ойлайтыны анық. Өйткені ойын баласының үйде отырып, қоғамнан шектеліп қалуы ержеткенде бұйығы болып өсуіне әсерін тигізеді. Сондықтан да баланың сана-сезімін басқа да қызықты бағдарламалар мен қазақша мульт-топтамалармен көңілін аударыңыз. Кезінде ата-бабаларымыз немерелерін ертегі мен әңгімелерге сусындатып өсіргенін еске түсірсек, мұндағы тәрбиенің мүлдем басқа екені сөзсіз.

Күнделікті күйбең тіршілікпен жүрген ата-аналардың назарынан тәрбие мәселесі қалыс қалып жатады. Бұндай жағдайды болдырмас үшін бос уақытыңызда балаңызға көбірек көңіл бөліп, отбасылық серуенге шығып тұрыңыз.

Азамат ЖҰМАБАЙҰЛЫ

Сурет: ашық дереккөз

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика