Басты шартымыз - адамгершілік

Еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақыны талап етпей, бәрін тегін жасайды.

Қазіргі қоғамда еріктілердің орны ерекше. Еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақыны талап етпей, бәрін тегін жасайды. Бір сөзбен айтқанда, еріктілер - адамгершіліктің ақ туын көтерген қоғам белсенділері. Ерікті болу арқылы мен өзімді басқаға қуаныш сыйлай білген ең бақытты жан санаймын. Осы ұранды өмірлік ұстаным ете отырып, тобымызбен бірлесіп бірталай істерді атқарып келеміз.

Ерікті болудың басты шарты - командамен жұмыс жасау ғана емес, парасаттылық, адамгершілік сияқты қасиеттерді берік сақтау. Өзім қатарлы көзі ашық, көкірегі ояу жастармен бірлесіп жұмыс жасау маған қашанда ерекше көңіл күй сыйлайды. Волонтерлік қызметке келу барысында қоғамда болып жатырған жағдайлардың барлығына жеңіл қарамайтын саналы тұлға болып қалыптасып келемін десем де болады.

Данагүл Асанова,

№2 орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы,

«Кәусар» қайырымдылық қорының көшбасшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521