Бұзақы бозбала

Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Н.Қабдешовтің хабарлауынша, қаңтардың 17-сі мен 20-сы аралығында аудан аумағында «Жасөспірім» атты жедел алдын алу іс-шарасы болып өтті.

Шара барысында әртүрлі құқық бұзушылық жасаған барлығы 27 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілген. Соның ішінде 12 кәмелетке толмаған баланың ата-анасына, өзге де азаматтарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 132, 133 және 435, 442-баптарының 1,2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Тарқатып айтар болсақ, жасөспірім баласы түнгі кафе-барда, көңіл көтеру орнында жүргені үшін және беймезгіл уақытта көшеге шығарғаны үшін ата-анасына, кіруіне жол берген ойын-сауық орны иесіне шара қолданылды. Сонымен қатар кәмелетке толмаған баласына жеткілікті тәлім-тәрбие бере алмай, өз ата-аналық міндетін дұрыс атқармаған азаматтар да әкімшілік жауапкершіліке тартылды. Жас балаға темекі сатқан сауда орнының сатушыларына да жаза тағайындалды.Шара барысында бұзақылықпен көзге түскен жасөспірімдер де кездесті. Олардың ата-анасына заңға сәйкес тиісті шара қолданылды.

Құқық бұзушылық жасаған екі кәмелетке толмаған жас полиция бөлімінің профилактикалық есебіне тіркелді.

Е.Бисекенұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521