АУДАННЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Жылыой ауданында 12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай, «Жалынды жастар - ел ертеңі атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік кеште аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова жылыойлық жастарды мерекемен құттықтады:

«Білікті бірді жығар білімді мыңды жығар дегендей өзіміздің мыңтылығымызды жұдырықпен емес біліммен дәлелдейік. Сіздердің дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақ-береке тілеймін! Қазақстандық жалынды жастар жарқырай берсін! Мереке құтты болсын!».

Сондай-ақ, ауданның белсенді жастарына аудан әкімінің орынбасары, мәслихат төрағасы және қала әкімі атынан алғыс хат табысталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары және «Bizdin vibe» шарасында өнер көрсетіп жүрген үздік өнерпаздар жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521