Атыраулық оқушылар «Айбын» байқауының кезең жеңімпазы атанды

Жалпы жиынға еліміздің барлық аймақтарынан 39 команда қатысуда.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Батыс» және Атырау облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының «Махамбет» әскери-патриоттық клубтары «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының кезең жеңімпаздары атанды.

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының басты және қызықты кезеңдерінің бірі алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша «Саламатты Жас Сарбаз» кезеңі болды. Атырау гарнизонының атынан шыққан екі команда да әртүрлі санаттарда сынға түсті. «Батыс» командасы өңірлік қолбасшылықтар және Қарулы Күштердің басқа да әскерлері командаларымен сайысса, «Махамбет» командасы басқа облыстардың қорғаныс істері жөніндегі департаментінің командаларымен күш сынасты.

Конкурс екі кезеңнен тұрды, басында қатысушылар жиынның ресми сайтында орналастырылған видео сабақтар бойынша дайындалды. Екінші кезеңде командаларға әртүрлі төтенше жағдайларға арналған ситуациялық тапсырма берілді. Атыраулық командалар «есін жоғалтып алу» және «ашық қан кету» тапсырмаларын орындап, үздік нәтижемен, айыппұлсыз балладарсыз жеңіске жетті.

«Мен «Айбын» республикалық әскери-патриоттық байқауына бірінші рет қатысып отырмын. Байқаудың бірінші кезеңінде «Айбын дарыны» интеллектуалды ойынының қорытындысы бойынша барлық қатысушылар арасында екінші орын алдым. Біз алғашқы медициналық көмек көрсету кезеңінде де жақсы нәтиже көрсете алғанымызға өте қуаныштымыз. Сол үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығына үнемі қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді», - деп атап өтті «Батыс» командасының қатысушысы Аружан Иманова.

Осы уақытта екі команда да жеңіс үшін күресті жалғастыруда. Соңғы кезеңдерде олар әскери-қолданбалы спорт түрлерімен бақталасып, ал ақтық ойында «Брейн-ринг» ойынында күш сынасады. Жалпы жиынға еліміздің барлық аймақтарынан 39 команда қатысуда. Оның ішінде республикалық «Жас ұлан» мектептері, облыстық әскери мектеп-интернаттары, Қарулы Күштердің әскери-патриоттық клубтары, ҰҚК Шекара қызметі, ІІМ Ұлттық ұланы, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың тәрбиеленушілері.

Қатысушылардың жалпы саны - 585 адам. Координациялау мақсатында Нұр-Сұлтандағы Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында фронт-офис құрылып, онда барлық қатысушылардың ойыны Led-экран арқылы таратылады.

Атырау гарнизонының баспасөз қызметі

капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521