banner_damu

Атырауда 140 жаңа пәтер пайдалануға берілді

Бүгін Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев 140 отбасыға жаңа пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Конституция күніне орайластырылды. Карантиндік шектеулерге байланысты баспана кілті тек бес адамға табысталды. Қалғандары қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінен алады.

Шараға «Отбасылық банк» акционерлік қоғамының Атырау облыстық филиал директоры Нұрбол Құрман қатысып, қуаныш иелерін құттықтады.

Бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Кезекте тұрған мұқтаж азаматтарды пәтермен қамту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы жүзеге асырылуда. Яғни, тұрғын үйлерді жергілікті әкімдік арқылы сатып алу жолдары қарастырылуда. Осының аясында қазір Береке ықшамауданында құрылысы аяқталған 47538 шаршы метр болатын 648 пәтерді құрайтын тоғыз үй сатып алынды.

Бұл жолы да, аталған ықшамаудандағы үш үйден ипотекалық несие арқылы 140 пәтер пайдалануға беріліп отыр. Бұл «Отбасылық банк» пен «Шаңырақ» пилоттық жобасының арқасында мүмкін болып отыр.

Ал, жалпы жыл аяғына дейін осы ықшамауданда аталған жоба арқылы тағы алты үйді тапсыру жоспарланып отыр. Кезегін күткен азаматтарға өткен жылы 507 пәтер берілсе, биыл 133 отбасы қоныс тойын тойлады.

Сондай-ақ, ізгілікке шақыратын «Қайырымды істер марафоны» жобасы да іске қосылғанын айрықша атап өткен жөн. Осы орайда, жомарт жүректі жанашыр жандардың бірі, қаладағы «Құрман групп» құрылыс компаниясының басшысы Ақарыс Алимов екінші топ мүгедегі Асқар Каракуловқа демеушілік танытып, Сырым Датов көшесінен пәтер сыйлады. Сол сияқты, «BASTAU CONTRUCTION» компаниясының басшысы Ибрахим Аликовтың тікелей қолдауымен Самал ықшамауданындағы «Самал Town» тұрғын үй кешенінен екі пәтер өз иелерін тапты.

075a615d-697c-4f5a-88de-015dba8fa075

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика