Аманайдың командасы–жеңімпаз

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН 27 ҚАЗАН КҮНІ Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ ҒИМАРАТЫНДА «САНАЛЫ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЛЁТІ ӨТТІ. СЛЁТ ЖҰМЫСЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН КӨТЕРУ, ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУГЕ ҰМТЫЛДЫРУ, БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМДЫ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ, КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН БОЛАТЫН.

Жиынға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мамыт Айдос, облыстың білім беру басқармасы басшысының орынбасары Хамзин Ердос қатысып, аймақтағы ерікті клубтар жұмысы бойынша ұйымдастырылған көрмемен танысты.
Слёт кезінде «Саналы ұрпақ» ерікті клуб мүшелерінің «Student life» сайысы ұйымдастырылды. Оған облыстағы 17 техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнының білім алушылары қатысты. Слётке қатысушы барлық білім алушылар топтарға бөлініп, 2 команда құрылып, өзара бәсекелік сайысқа түсті. Бұл сайыс «IQ-зияткер», «Ойла-Time», «ТеатрZone» кезеңдері бойынша өткізілді.
Біздің колледж білім алушылары Айшагүл, Мақсотқызы мен Перизат Сариман сайыста «Сенім» тобының II орын алуына зор үлес қосты. Ал Аманай Айтуар «Әділдік» тобының капитаны болып сайланды. Ол жетекшілік еткен команда сайыс нәтижесінде жеңіске жетіп, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Сайысқа қатысушы әрбір білім алушы слёттің арнайы Алғысхаттарымен марапатталды.

Б. НҰРБЕРГЕНОВА,
«Мед-Профи колледж» ЖШС директорының тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521