Алтын Орда мемлекеті

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫ ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ҮШ ҰЛЫНА БӨЛІНГЕН ҰЛЫСТАР ҚҰРАМЫНА ЕНДІ. ЖЕТІСУДЫҢ СОЛТҮСТІК БӨЛІГІ ЖӘНЕ ТӨМЕНГІ ЕДІЛ БОЙЫНА ДЕЙІНГІ ЖЕРДІ ҚОСА БҮКІЛ ШЫҒЫС ҚЫПШАҚ ДАЛАСЫ ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ҮЛКЕН ҰЛЫ ЖОШЫНЫҢ ҮЛЕСІНЕ ТИДІ. ЕКІНШІ ҰЛЫ ШАҒАТАЙҒА ЖЕТІСУ АЙМАҒЫ ЖӘНЕ МАУРЕННАХР МЕН ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН, ҮШІНШІ ҰЛЫ ҮГЕДЕЙГЕ ЖОҒАРҒЫ ЕРТІС ПЕН ТАРБАҒАТАЙ ЖЕРЛЕРІ БӨЛІНГЕН-ДІ. 1227 ЖЫЛЫ ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ҚАЙТЫС БОЛУЫМЕН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОРДАСЫ СӨГІЛЕ БАСТАДЫ. ОРХОНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ПЕН ҰЛАН-ҒАЙЫР ЖЕРДЕГІ ҰЛЫСТАРДЫҢ ШАЛҒАЙЛЫҒЫ МЕН ҰЛЫС БИЛЕУШІЛЕРДІҢ МҮДДЕСІ ИМПЕРИЯНЫҢ ЫДЫРАП, ЖЕКЕ МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ АЙНАЛУЫНА АЛЫП КЕЛДІ.

Жошының мирасқоры — Батый 1235 ж. империя астанасы – Қарақорымда өткен құрылтайында Еуропа елдеріне жасалатын жорық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалып, 1236-1242 жж. жасалған жорықтың нәтижесінде Батыс Дешті-Қыпшақты, Еділ бұлғарларын, Орыс князьдіктерін, Польша, Венгрия, Чехия т.б. елдерді бағындырып, ұлыстың шекарасын Еділден батысқа жылжытып, енді Алтайдан Дунайға дейінгі жерлер ұлыс құрамына енеді. Осылайша 1242 ж. Алтын Орда мемлекетін құрады. XVI ғ. соңынан “Алтын Орда” болып құрылған мемлекет өз кезінде билеушілердің атымен Батый ұлысы, Берке ұлысы деп аталған мемлекет ұлыстық жүйеде құрылды. Орданың оң қанатында мемлекет орталығы орналасса, ал сол қанаты Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі, Ертіс аймағы мен Ұлытаудан Қаратауға дейінгі жерлер, ағасы Орда Ежен басқаруына берілді. Ішкі ұлыстар өз кезегінде кіші ұлыстарға бөлініп басқарылды. Астанасы алдымен Сарай Батуде, кейінірек Сарай Беркеде орналасты.

Берке ханның (1257-1263 жж.) тұсында империя орталығынан, Батый ханның кезіндегі қағаз жүзіндегі болса да тәуелділіктен толық дербестікке қол жеткізді. Шаманизмнен — бір құдайшылыққа — ислам дініне бет бұрып, мұсылман болған Берке тәуелсіз мемлекетте ғылымды дамытуға күш салды. Иран, Египеттен ғалымдарды алдырып, мемлекеттік басқару жүйесіне білімді адамдарды жинады. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасындағы байланыс күшейе түседі. Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлесін қосқан Тоқты хан (1290-1312 жж.) болды. Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланыстарын жандандырып, Египет мәмлүктерімен тығыз байланыста болған. Алтын Орда мемлекеті Мұхаммед Өзбек ханның (1312-1342 жж.) және оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357 жж.) билігі тұсында шарықтау шегіне көтерілді. Өзбек хан 1312 ж. ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялай отырып, экономика мен мәдениеттік дамуын саналы биікке көтерді. Сауда қатынастары Батыс Европа, Кіші Азия, Египет, Индия, Қытай мемлекеттерімен жүргізілді.

Алтын Орда мемлекетінің негізгі тірек күші жергілікті тайпалардан тұрды. Нояндар аз уақыттың ішінде түріктеніп, кейін қазақ халқының құрамына енді. Қазақ мемлекетінің Алтын Орданың заңды мұрагері, жалғасы екендігін көрсетеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521