Жылыойлық тұрғын өз ауласынан асыл тұқымды ешкі фермасын ашты

Жылыойлық Аманжан Құсайынов 50 бас асыл тұқымды француз альпі ешкісін өсіріп отыр, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ол 2014 жылдан бері ешкі өсірумен айналысып келеді. Қазіргі таңда сүтті тұқымды ешкі бағуды қолға алған. Оның қарапайым ешкіден айырмашылығы – жеген азығының 90 пайызы сүтке кетеді. Яғни өзге тұқымдағы ешкілер күніне 1 литр сүт берсе, альпі ешкісі 3 литрге дейін береді. Оларды Мәскеу арқылы Франциядан әкелген. Басында үш ешкі алғанымен, өсіре келе олардың саны елуге жеткен. Бүгінге ол өз тұтынушыларына ешкі сүті мен өнімдерін ұсынып отыр.

a5492c50-9d48-4260-9d82-0298bcc4c50b

-Алғашында ешкі сүтін ұлының емі үшін ғана пайдаландым. Кейін оны отбасылық кәсіпке айналдырдым. Ешкінің шөбін арнайы гидропоникалық құрылғының көмегімен дайындасақ, жемді әртүрлі қалалардан алдырамын. Мәселен, арпаны Орал қаласынан жеткізіп отырмыз. Ал ешкіні сауу қолмен емес, озық технологияның көмегімен жүзеге асады және сауылған сүттен сепартор арқылы қаймақ, сүзбе, йогурт жасалады, деді А.Құсайынов.

Оның айтуынша, мал шаруашылығымен айналысудың өзіндік қиындықтары бар. Соның ішінде елімізде сүтті ешкі шаруашылығы туралы ақпараттың аздығы шаруаға кедергі келтіруде. Сол себепті алдағы уақытта ағылшын тілін үйреніп, Европаға ешкі фермасына тәжірибеден өтуге бармақшы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521