Жылыой ауданында кәсіпкерлік серіктестер форумы өтуде

Құлсары қаласы “Гранд Хол” мейрамханасында кәсіпкерлік серіктестер форумы өтуде. Аталған форум аудан әкімдігі мен “ТШО” компаниясының қолдауымен өткізілуде. Шараға аудан әкімінің орынбасары Г.Айшуақова, дербес бөлім басшылары, “ТШО” компаниясының өкілдері мен ауданымыздағы түрлі бизнес өкілдері қатысты. Форумның басты мақсаты аудан экономикасын дамыту, жергілікті тауар өндірушілердің кәсібін дамытуға арналған. Ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Г.Айшуақова кәсіп иелеріне, өз өнімдерін көрмеге қойған барша бизнес өкілдеріне сәттілік тіледі. Сондай-ақ облыстық “Атамекен” кәсіпкерлер палатасына, ТШО компаниясына, аудандық “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының басшысы Е.Нұрлановқа алғысын білдірді.
Айта кету керек бұндай форум ауданымызда алғаш рет өткізілуде. 

 

А.МОЛДАШЕВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT