Жылыой ауданы әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Жуырда аудан әкімі Жұмабек Қаражанов аудан кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесуге Атырау облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков, Атырау облысы бойынша «Даму», «Кәсіпкерлікті дамыту» АҚ-ның аймақтық филиал директоры Дәурен Жандос, Атырау облысы бойынша «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» департаментінің директоры Дю Дмитрий, Атырау облысы бойынша «Аграрлықнесие корпорация» АҚ-ның филиалы директорының орынбасары Рахмет Жаңбыров және аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Е.Нұрланов пен тиісті бөлім басшылары қатысты.


Жиналысқа 50-ге жуық кәсіпкер қатысты. Онда кәсіпкерлер өздерін мазалап жүрген немесе шешілмей жүрген мәселелерін ортаға салды. Көбіне кәсіпкерлерді жер мәселесі толғандыратыны белгілі болды. Шағын кәсіппен айналысатын кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер телімдерін қайтару туралы ұсыныстарын қойды. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі жауап берді. Оның сөзінше, қазіргі
уақытқа дейін 20 мыңға жуық гектар жер керң қайтарылған. Әлі де жұмыстар жүргізілуде екен. Сондай-ақ, тағы бір кәсіпкер кәсіпкерлік мақсатта дүкен ашу үшін шарбағын кеңейтуге жер сұрағандығын айтып өтті. Бұл сауалға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ізім Қайруллин жауап берді. Оның айтуынша, аудан әкімімен бектіліп, жерге орналастыру жобасысызылып, әрмен қарай Облыстық Департаменттің келісімімен белгілі бір мөлшерде қысқарсын деген қаулы шығады. Жиында кәсіпкерлер субсидия, несие алу, пайыздық мөлшерлемелер, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында көрсетіліп жатқан шараларды атап өтуді сұрады. Кездесуге келген бір кәсіпкер тал егуге жер сұрады. Ондағы мақсаты тал егіп, оны қоршап саябақ есебінде ашқысы келеді. Тағы бір кәсіпкер алдағы жылы ауылшаруашылығына кәсіпкерлерге қандай несиелер берілетінін сұрады.  Бұл сауалға Атырау облысы бойынша «Аграрлық несие корпорация» АҚ-ның филиалы директорының орынбасары Р.Жаңбыров жауап берді.

Оның сөзінше, өзінің кәсібін ашам деген кәсіпкерлерге микрокредиттер жүзеге асуда екен. Мақсаты- қазіргі таңда жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамту болып табылады. Сондай-ақ, жиналысқа келген кәсіпкерлер сала бойынша мамандардан кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бойынша сауалдарына жауап алды. Кездесу соңында аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Барлық кәсіпкерлерге Атырауоблысынан келген басқарма басшыларына алғысын білдірді.

 


А.МОЛДАШЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521