Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындап қана қоймай, кәсіпкерлер үшін де жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
Кәсіпкерлер қауымы Жолдаудағы бастамаларды зор қолдаумен қабылдады. «Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары бізге сенімділік береді. Шағын және орта бизнеске жағдай жасалса, жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың тұрмыс сапасы да артады. Бұл – ел экономикасының тұрақты өсуіне ықпал ететін маңызды қадам Президенттің бұл бастамасын қолдаймыз», – дейді жас кәсіпкер Ақмоншақ Әбілхасова.
Жалпы алғанда, Жолдау – елдің даму стратегиясын айқындайтын, әр азаматты еңбекке, бірлікке, жаңашылдыққа үндейтін маңызды бағдар. Оны жүзеге асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Жас кәсіпкер
Ақмоншақ Әбілхасова