«Жоба жалғасын тапсын!»

Бұл - «Шектелме» әлеуметтік жобасына қатысқан жылыойлықтардың тілегі. Аудан жастарына онлайн мамандықтарды тегін үйреткен жобаның соңғы кезеңі қорытындыланып, 40 құлсарылыққа сертификат табысталды. Бұған дейін «Копирайтинг, SMM», «Таргетинг, SMM», «Графика дизайны» бағытындағы сабақтар ауылдық округтерде ұйымдастырылған болса, курстардың соңғы легі Құлсарыда тұрғындарын қамтыды. «Теңізшевройл» компаниясы қаржыландырған жобаны «Жаңаша» қоғамдық қоры Жылыой ауданы әкімдігінің қолдауымен іске асырды.

- «Шектелме» жобасы сәуір айында Аққиізтоғайдан бастау алған еді. Содан бері аудан жастары заманауи мамандықтарды жарыса меңгеріп, табыс таба бастады. Өзге аудан, облыстың жастарының қатарында «Бізге де осындай жоба керек еді» деп қызығушылық танытқандар көп болды. Осындай мүмкіндік берген «Теңізшевройл» компаниясына ризашылығымыз шексіз, - деді Жылыой аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Әлібек Амандықов.

 Жоба 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған. Кейін аудан тұрғындарының сұранысын ескере отырып, жас шектеуі алынып тасталды.

- Біз де жастардан қалыспай, бар ынтамызбен жаңа мамандықты игердік. Үйренгеніміз көп. Енді соны тәжірибеде қолданып, үйде отырып-ақ табыс тапсақ дейміз, - дейді Құлсары қаласының тұрғыны Айгүл Есенғазиева.

Шарада жоба шеңберінде ұйымдастырылған байқау жеңімпаздары анықталып, жүлдегерлер марапатталды. «Үздік жазба» номинациясының жеңімпазы алғашқы қаламақысын алса, «Үздік дизайн» номинациясы бойынша қос қатысушыға графикалық планшет сыйға берілді.

Анықтама: «Шектелме» жобасы басталғалы 161 жылыойлық сертификат иеленіп, онлайндағы еңбек нарығына жолдама алған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521