Ел Президентінің Жолдауын әр сала әр қырынан қабылдайды.
Ал, кәсіпкерлер үшін бұл құжат - тек мемлекеттік бағдар емес, нарықтағы жаңа мүмкіндіктердің айқын жол картасы. Өйкені, Жолдауда айтылған экономикалық серпін, инновациялық қолдау, инвестициялық орта қалыптастыру бағыттары - бизнестің тынысын кеңейтетін бастамалар.
Кәсіпкер үшін қолдау деген сөз - тек жеңілдік пен салықтық тәртіп емес. Ол дегеніміз- әділ бәсеке, ашық алаң, еркін идеялар ағыны. Жолдаудағы жасанды интелекктіні дамыту, цифрландыруды тереңдету секілді бастамалар отандық бизнестің әлемдік нарыққа тікелей шығуына мүмкіндік береді.
Мен кәсіпкер ретінде Жолдауды тек мемлекеттің жоспары емес, өз ісімнің дамуына берілген бағдар деп қабылдаймын. Бұл құжатты тек міндет емес, мотивация көремін. Әрбір кәсіп иесі Жолдауды қолдап қана қоймай, ондағы мақсаттарға үлесін қосса, еліміздің экономикасы шын мәнінде жаңа деңгейге көтеріледі.
Жастардың батылдығы мен мемлекет қолдауы қосылса, бізді ештеңе тоқтата алмайды!
Ақмоншақ Әбілхасова
Жас кәсіпкер