«Zelenov invest – 2018» форумы өтті

Жақында Батыс Қазақстан облысындағы Зеленов ауданында "ZELENOV INVEST-2018" форумы өтті.

Оған Ақтөбе облысы, Ресей Федерациясынан және жылыойлық кәсіпкерлер қатысты. Оған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ақан Мамбетиязов, Жылыой ауданы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерболат Төлендиев, бизнес-жаттықтырушы Алтынгүл Атабаева, Жылыой кәсіпкерлері қоғамдық бірлестігінің директоры Қуаныш Аязбаевтар қатысып қайтқан болатын. Форум кезінде Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров пен Жылыой кәсіпкерлері қоғамдық бірлестігінің директоры Қуаныш Аязбаев екі аудан арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

–Алдыңғы кезекте Жылыой ауданынан барған делегаттарды құрметпен қарсы алған Зеленов ауданы әкімі Асхат Шахаровқа және форумды ұйымдастырушыларға делегаттар атынан алғыс білдіремін. Алғаш рет өткізіліп тұрса да, жоғары дәрежеде дайындалған екен. Мұндай форум өткізу кәсіпкерлер мен атқарушы билік арасындағы түсініспеушіліктерді шешіп, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы кедергілерді жоюға ықпал етеді. Форумның біздің аудан мен Батыс Қазақстан облысы үшін пайдалы тұсын айтар болсақ, экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Зеленов ауданы - шағын аудан болғанымен, кәсіпкерлігі дамып, өндіріс саласына да өз үлесін қосып отырған аудан. Оны форум аясында өткен кәсіпкерлер жәрмеңкесінде байқадық. Атап айтар болсам, мұнда күнбағыс майы, кептірілген сыр, сүт өнімдері, ет, шұжық өнімдері, құрылысқа қажетті кірпіш, тағы да басқа өнім түрлері өндірілуде. Жалпы кәсiпкерлiк – нарықтағы бәсекеге төтеп беру үшiн жаңа мүмкiндiктердi iздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын iздеу, ескiше ойлау шеңберiнен шығу болып табылады. Олай болса, ауданымыздағы кәсіпкерлерді осындай басқа өңірлерде болып жатқан форумдарға баруға шақырар едім. Ауданымызда да биыл қараша айында үшінші кәсіпкерлер форумын өткізуді жоспарлап отырмыз. Форумда болатын көрмеге аудан кәсіпкерлерін атсалысуға шақырамын. Кәсіпкерлікте кең өріс алып келіп жатқан, маңызы зор, қызу еңбекте жүрген кәсіпкерлердің әр ісіне табыс, береке тілеймін, – дейді Жылыой кәсіпкерлері қоғамдық бірлестігінің директоры Қуаныш Аязбаев.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521