Таяуда аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалы мен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері кәсіпкерлермен кездесті.
«Жастар үйі» ғимаратында өткен басқосуға қоғамдық тамақтану орындарының басшылары қатысты. Кездесуге қатысушыларға құзырлы орган мен кәсіпкерлер арасында ерікті түрде жасалатын ынтымақтастық меморандумы жөнінде жан-жақты түсінік берілді. Кәсіпкерлердің бастамасы бойынша тағамдардағы микробиологиялық және санитарлық-гигиеналық көрсеткіштер қауіпсіздігін анықтау – келісім меморандумын жасақтаудағы басты мақсаты болатын. Сонымен қатар, кездесу кезінде микробиологиялық зерттеуге және персоналдың бактериологиялық тасымалдауына зертханалық зерттеулер ақысыз жүргізілетіндігі айтылды. Ең бастысы, сәйкессіздік анықталған жағдайда әкімшілік шара қолданылмайтыны ескертілді. Ш.Хамитова