ТШО-ның Балаларға сыйлығы

«Гүлдәурен» балабақшасында 2016 жылдан бері түзеу және инклюзивті кабинет жұмыс жасайды. Балабақша меңгерушісі Л. Құрманбекова: «Кабинетке 17 бала келеді. Олармен 5 маман жұмыс жасайды», - дейді.

Аталған кабинетке ТШО-дағы Әйелдер Ассоциациясы мен «Ынтымақ» қоғамдық ұйымы қызметкерлері балаларға арналған жаңа жабдықтарды табыс етті. Бұл жабдықтар балалардың ойлау қабілеті мен дамуына көмектеседі. Балалар да жаңа құрылғыларға ерекше қуанды. «Теңізшевройл» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі Ғалия Есенова мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты. Қайырымды іс жасаған мамандарға балабақша қызметкерлері мен ата-аналар алғыс айтты.

Ж.ШАҢҚАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521