Тігіншілікті үйренгендер

АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНА ЖҰМЫССЫЗ РЕТІНДЕ ТІРКЕЛГЕН ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ЖЕТЕРЛІК.

СОНДАЙ ЖАНДАРҒА «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» КОМПАНИЯСЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРАТЫН «ЫНТЫМАҚ» ҚОҒАМДАСТЫҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІК СЫЙЛАДЫ.
Қоғамдастық бұған дейін де ауданда бірнеше ауқымды әлеуметтік шараларды ұйымдастырып жүрген еді. Бұл жолы 50 қыз-келіншекті тігіп-пішу курсына тегін оқытып жатыр.
-Тігіншіліктің қыр-сырын үйретіп жатырған ісмер Нұрайна Келімбетова да дәл осы «Ынтымақ» бағдарламасының түлегі. 2018 жылы тегін курсты оқып шыққан оның қазір өз жеке цехы бар. Нұрайнадан бір ай бойы тігіншілікті меңгеретін қыз-келіншектер де кәсіптің көзін табады деп үміттенеміз, - дейді ұйымдастырушылар.

П.ҚИЗАТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521