Тегін нан таратқан текті азаматтар

Бұл дүние – жеткізбейтін арман дүние,

Бұрынғы бабалардан қалған дүние.

Адамдар бір-біріңе бауырмал бол,

Бізден де өте шығар жалған дүние,-деген өлең жолдары бізді имандылыққа, қайырымды болуға шақырады.

Арамызда қайырымды жандар бар екенін көбіне байқамаймыз. Байқасақ та, олардың ісін басқаға үлгі етуге көп мән де бермейміз. Үйіп-төгіп байытып тастамаса да, жақсы ниетпен қайырымдылық жасап, көңілін білдіргеннің өзі неге тұрады? Біз – Құлсары қаласындағы 3-ықшамаудан, №51 үй тұрғындарымыз. Біздің ықшамауданда «Ақниет» пен «Алмагүл» деген азық-түлік дүкендері бар. Осы дүкеннің иелері ара-тұра қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұрады. Атап айтсақ, олар тұрғындарға тегін нан таратуды дәстүрге айналдырған. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, осылайша аз да болса тұрғындарға қолдау көрсетіп отырған азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Батима ҒҰМАРОВА,

Абди БЕКБАЕВ,

қала тұрғындары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521