Облыс кәсіпкерлері беделді байқауға қатысуға шақырылады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өнімдер мен қызметтердің сапасы саласындағы ең беделді марапаттардың бірі — Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы конкурсқа іріктеу басталғанын жариялады. Байқауға өңіріміздің кәсіпкерлері де шақырылады. 

Өтінімдер 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қабылданады. Құжаттарды байқаудың ресми сайты https://cabinet.altynsapa.kz/competition арқылы электрондық форматта тапсыру қажет.

Сыйлық өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені, сондай-ақ сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізгені үшін табысталады. Байқауға кемінде үш жыл тұрақты сапалы жұмысын дәлелдей алған тауар өндірумен және қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

 Байқау төрт кезеңнен тұрады — материалдарды алдын ала бағалаудан бастап көшпелі сараптама жүргізу және лауреаттарды анықтауға дейін. Қатысушылар EFQM жетілдіру моделі критерийлері бойынша бағаланады.

Кәсіпорындар келесі негізгі номинациялар бойынша қатыса алады: – «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;

– «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын»;

– «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;

– «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».

 Сонымен қатар арнайы сыйлықтар қарастырылған — «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» және заманауи цифрлық технологиялар мен шешімдерді белсенді енгізетін компанияларға арналған жаңа «Үздік цифрлық даму жобасы» номинациясы.

Жеңімпаздарға лауреат атағы беріледі, диплом мен марапат мүсіншесі табысталады, ақшалай сыйақы қарастырылған және сыйлық эмблемасын сапа белгісі ретінде пайдалану құқығы беріледі. Өңір кәсіпкерлері байқауға белсенді қатысып, облысымызды республикалық деңгейде лайықты таныстыруға шақырылады.

 Барлық сұрақтар бойынша Атырау облысының кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады — мамандар кеңес беріп, өтінім дайындауға көмектеседі.
Байланыс нөмірі: +7-701-222-50-41 (Толқын Тлемисова).

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT