Құлсарылық кәсіпкер мал азығын дайындаудың ерекше әдісіне көшті

Бұл туралы Жылыой аудандық Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Гидропоника әдісі арқылы қолдан мал азығын дайындауды Нұргүл Дәулетова өзінің жолдасы Бимағанбет Жұмақашевпен бірге Алматыдан онлайн курс оқу арқылы үйренген. Көкіністерді, малға арналған шөпті топырақсыз, қоректік заттардың судағы ерітіндісі арқылы өсірудің қыр-сырын меңгерген ерлі-зайыптылар алғашында қолдарындағы азын-аулақ жылқы малын азықтандырамыз деп бастаған. Кейін жұмыстары алға басып, өсірген шөптерін сатылымға шығарған.

-Сұраныс та күн санап артып келеді. Әсіресе, қолда асыл тұқымды ешкі мен сиыр малын ұстайтын тұрғындар төрт-түліктен пайдалы әрі мол өнім алу үшін гидропоника әдісімен өскен шөптерді жиі сатып алады. Көпшілік біле бермейтін, білсе де қолданбайтын бұл әдісті жүзеге асыру тіптен қарапайым әрі қызық. Базардан сатып алынған бидай немесе арпаның дәні алдымен жуылып, тазаланады. Одан сон арнайы поддондарға салынып, үш мезгіл суы құйылып, баппен өсіріледі. Сөйтіп ыдысқа салынған дәнді-дақыл бар жоғы бір аптаның ішінде көк шөпке айналады. Жасанды жолмен өсіп шыққан шөптің биікті 20 см-ге дейін жетеді, - деді Н.Дәулетова.

fcc1cd2a-c773-41ab-a52f-046c41f109c6

Оның айтуынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының айтарлықтай көмегі тиген. Аталған бағдарлама аясында былтыр ауданның жұмысын бастаушы 100 кәсіпкері мемлекеттен бөлінген 580 мыңнан астам қайтарымсыз грантқа ие болса, солардың бірі Нұргүл Дәулетова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521