ads_banner

Кепілсіз несие берілмейді

Осы мәселеге орай аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Қанат Мыңбаевтан түсіндіріп беруді сұраған едік.

-Қазіргі кезде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында берілетін несиелерді алу үшін міндетті түрде кепіл сұрайды. Кепілсіз несие берілмейді. Бірнеше жыл бұрын кепілсіз несие берілген, дегенмен мұндай қолдау жақсы нәтиже көрсетпеді. Сол тұстағы кепілсіз несие алған адамдардың көпшілігі оны қайтара алмай отыр. Негізі, кәсіпті дамытуға берілген қаржыға кәсіп ашып, ауданымыздағы тұрғындарды жұмыспен қамтуы керек. Қазіргі уақытта бизнесін жүргізіп отырғандар өз кәсібін дамытуы үшін несие алатын болса, 50 пайызға дейін, ал жаңадан өз ісін бастаушыларға 85 пайызға дейін мемлекет кепілдік бола алады. Яғни өз бизнесін нөлден бастағандар несие сомасының 15 пайызын жабатын кепілдік табуы керек.

Жақсы жобасы бар азаматтарға мемлекеттік гранттар бар. Республикалық бюджеттен Атырау облысына кәсіпкерлікті дамыту мақсатында грантқа жыл сайын қаржы бөлінеді. Биыл да жыл басында 29 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген. Конкурсы өткізіліп, облыста 70-ке жуық жоба ұсынылған. Жылыой ауданы бойынша 9 жоба ұсынылып, оның екеуі грантқа ие болып отыр. Сонымен қатар Жастар жылына байланысты 27 млн теңге грант бөлінді. Оған ауданымыздан 11 жоба ұсынылып, оның ішінде төртеуі қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізді. Олар - жылжымалы фастфуд, былғары бұйымдар дайындау, аяқкиім өндіру, балмұздақ дайындау жобалары,-дейді бөлім басшысы.

Қ.Дүйсенбетов

COVID 19

covid

Күнтізбе