Кәсіпкер құқығын қорғайтын топ

* Мораторий жүзеге асуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің шағын және орта буын бизнес құрылымдарын тексеруге үш жылға мораторий жариялағаны белгілі. Міне, осыған орай Атырау облыстық прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында арнайы мобильдік топ құрды.

Бұл жөнінде «Ақ Жайық» газеті өзінің сайтында облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ақпарат таратқан. Білікті заңгерлерден құрылған топ кәсіпкердің қызметіне негізсіз килігіп, кедергіге кезіккен бизнес иесінің шағымына жедел түрде әрекет етеді. Ол үшін заңсыз тексеріске тап болған кәсіп иесі жазбаша немесе телефон арқылы да шағым түсіре алады.

Мобильдік топ заңсыздық орын алған жерге аяқтай барып та мәселенің мән-жайын анықтап, ақ-қарасын айыруға жәрдемдеседі. Бұл ретте облыстық прокуратураның 8 (7122) 27 07 78, 27 07 87 немесе 8 (701) 066 77 22 телефондарына қоңырау шалсаңыз да болады.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521