Ауылда кәсіпті дамытамыз

Өткен аптада кент және ауылдық округтерде мемлекеттік қолдау бағдарламаларын насихаттау және түсіндіру үшін көшпелі семинар-кеңестері өтті.

Онда кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Қ.Мыңбаев, аудандық Кәсіпкерлер палатасының директоры Е.Төлендиев, Жұмыспен қамту орталығы директорының уақытша міндетін атқарушы С.Құрманғалиева, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Е.Нұрғанов, Жылыой кәсіпкерлері қоғамдық бірлестігінің директоры Қ.Аязбаевтардан құралған топ мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндірді. Ауыл тұрғындары өз кәсіптерін ашу және дамыту кезінде кездесетін қиын мәселелер туралы ашық айтты. Топ мүшелері айтылған мәселелердің оң шешілуіне ықпал жасауға уәделерін берді. ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аудан бойынша бөлімшесінің өкілі Мұхтар Оразов кәсіпкерлерді қорғаудың ерекше бір түрі - "Қамқор" мобильдік қосымшасы туралы айтты. Оны әрбір іскер азамат ұялы телефондары мен гаджеттеріне тегін жүктеп, заңсыз тексерістің алдын ала алуға болады екен.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521