Атыраулық «Newtech systems group» компаниясы 200-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр

«Newtech systems group» ЖШС Атырауда 2011 жылы құрылған. Компания ірі мұнай-газ жобаларына өнім жеткізіп, сервистік қызмет көрсетеді.

Өндірістік цехтердің жалпы аумағы 10 мың шаршы метрді құрайды. Кәсіпорын өз өніміндегі жергілікті үлесті растайтын СТ-KZ сертификатына ие. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

 
-    Компания алғаш құрылғанда жеті-ақ адам қызмет еткен. Қазір 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Мұнда ауа өткізу жүйелері, ауа сүзгіштер, қатты және жұмсақ термоизоляциялық материалдар өндіріледі. Сондай-ақ тігін шеберханалары жұмыс істейді, ол жерде жылына жүз мың құбырға термоқаптар мен жұмыс киімдері тігіледі,- деді қойма меңгерушісі Батырхан Дархан.

Дайын өнімдер тек Қазақстан нарығында емес, ТМД елдеріне де экспортталады. Сондай-ақ аймақтағы үлкен мұнай-газ компаниялармен серіктестікте жұмыс істейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT