Атырауда «Сәтті старт» жас кәсіпкерлер форумы өтті

Атырауда алғаш рет ауқымды бизнес іс-шарасы өтті. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жас кәсіпкерлер форумын өткізді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Бизнес форумға жүзден астам қатысушы, олардың ішінде стартаперлер мен жұмыс істеп жатқан бизнесмендер тәжірибелерімен алмасты, ал спикерлер ең өзекті сұрақтарға жауап берді. Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев өңірде жастар бизнесі қалай дамығаны жайында тоқталып өтті.
-Жастар арасында кәсіпкерлік салаға деген қызығушылық артып келеді. Дұрыс құрылған және мақсатты мемлекеттік қолдау арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды жандандыруға болады. Мұндай шара өз кезегінде экономикалық өсуге және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жол ашады. «Тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдай арқылы облысымыздағы шағын және орта бизнес даму қарқынын сақтап, нарықтық экономиканың ілгерілеуіне оң әсер етті. Биыл кәсіпкерлікті дамытуды қолдауға 11,4 млрд теңге қарастырылған. Бүгінгі күні 35,8 млрд. теңге құрайтын 816 кәсіпкер жобасы қолдау тауып, олармен 550 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Ал ұлттық жоба шеңберінде жас кәсіпкерлерге мемлекеттік грантпен 106 млн теңге бөлінді. Осы бойынша құжаттар қазан айында қабылданады,- деді М.Мурзиев.

Облыс әкімінің орынбасары өңірде бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасап жатқанын және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Жалпы бағдарлама іске асырылғаннан бері грант сомасы 270 млн. теңгені құрайтын 120 жас кәсіпкерлердің жобасы қолдау тауып, олармен 175 жаңа жұмыс орны құрылған болатын. Бұдан бөлек, ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатында өңірлік бағдарлама іске асырылып, жергілікті бюджеттен 3 млрд 357 млн. теңге бөлініп, нәтижесінде 567 жоба қаржыландырылып, 718 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл бағытта 2023 жылы жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлініп, бүгінгі күні несие сомасы 790,3 млн. тг болатын 66 ауыл кәсіпкерлердің жобалары қаржыландырылды.

Айта кетейік, 2023 жылы алғаш рет Жастар арасында кәсіпкерлікті бұдан әрі дамыту мақсатында жастарға 2,5 пайыз жеңілдікпен микрокредиттерді беру жобасы іске асырылған болатын. Биыл бюджеттен 680 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күні несие сомасы 387,2 млн. теңгеге құрайтын 83 жас кәсіпкердің жобалары қаржыландырылды.

Іс-шара аясында жас кәсіпкерлердің өндірген өнімдері мен қызметтерінің көрмесі ұйымдастырылды. Одан әрі жас кәсіпкерлер пленарлық отырысқа қатысып, тәжірибелерімен алмасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521