Азаматтық орталықтың ақпаратына сәйкес, шамамен 10 күн бұрын құрылған еріктілер штабында 150 ерікті бар. Олардың көпшілігі жалғыз басты қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және көп балалы отбасыларға көмек көрсететін авто-еріктілер. Азаматтық орталықтың төрағасы Әйгерім Досқалиеваның айтуынша, мұқтаж жандардың тізімі "109" сенім телефонына келіп түскен өтініштерге, азаматтардың өздері жазған өтінішіне, сондай-ақ «Жүректен Жүрекке» қайырымдылық қорының базасына негізделген. Қажетті өнімдерді алуға жергілікті ЖШС мен кәсіпкерлер көмектеседі.
- Қазіргі уақытқа дейін авто-еріктілер 164 отбасына қажетті азық-түліктерін жеткізіп берді. Бүгін біз азық-түлік себеттерін тағы 100 мұқтаж адамға жеткіземіз, жергілікті кәсіпкер әйелдердің бірі қажетті тауарлардың жиынтығын алып бермек, - деді Әйгерім Досқалиева.
Айта кетейік, азаматтық орталықтың жанынан құрылған еріктілер штабы бес бағытта жұмыс істейді:
- Авто-еріктілер - тұрғындарға азық-түлік, дәрі-дәрмек тарату;
- Жедел жәрдем қызметкерлеріне көмек;
- Дезинфекция жұмыстарын жүргізуге көмек;
- Полиция қызметкерлеріне көмек;
- Медициналық маскаларды тігуге көмек.
Кез-келген Атырау қаласының тұрғыны еріктілер штабының мүшесі бола алады. Ол үшін төменде көрсетілген байланыс телефондарына хабарласыңыз:
8775 892 38 94 - Айнагүл Баяндықызы;
8775 892 38 34 - Әсемгүл Тұрланова;
8775 892 38 74 - Арайлым Аралбаева.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: ӨКҚ