«Ashyq» мобильді қосымшасы аясында кім жұмыс істейтіні белгілі болды

Жылыой аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер назарына ұсынады.

«Ashyq» мобильді қосымшасы аясында кім жұмыс істейтіні белгіленді. Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдениет Танауов 26 сәуірден бастап өңірде «Ashyq» жобасын жүзеге асыру туралы қаулыға қол қойды.

Қандай кәсіпкерлік нысандар жұмыс істейтіні төменде көрсетіледі: фитнес-клуб, йога орталығы; спа-орталықтары; сауна, бассейн, PlayStation-клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда);

боулинг клуб; кинотеатр; театр және филармония; банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі оъектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері; бильярд клубтары; концерт залдары; ерікті қатысушылар.

«Ashyq» деген не? «Ashyq» жобасымен нысанын іске қосқан кәсіпкерлер, сағат түнгі 00:00 ге дейін және сенбі-жексенбі күндері жұмыс жасауға мүмкіндіктері болады.

«Ashyq» – қоғамдық орынға келушілерді тіркейтін мобильді қосымша. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің мәртебесін статусын анықтайды.

  • «Қызыл» мәртебе ПТР-тест тапсырып, коронавирус анықталған адамға беріледі. Мұндай мәртебе иелеріне үйде оқшаулану режимін қатаң сақтауға тиіс.
  • «Сары» – байланыста болған адамдарға берілетін мәртебе. Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етілгенімен, басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады.
  • «Көк» - ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар есебінде жоқ, ПТР-тест мысалы әуежайда талап етілетін жерлерден басқа кез келген жерде еркін қозғалу дегенді білдіреді.
  • «Жасыл» – жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді. QR- код бизнес субъектілеріне беріледі.

Біздің ауданымызда 7 нысан «Ashyq» жобасы бойынша арнайы QR-кодты алып, кәсіптерін жалғастыруда.

Егер де «Ashyq» жобасына қатысты сұрақтарыңыз болса «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына хабарласуларыңызға болады. Біздің мекен-жайымыз; Құлсары қаласы, 215 көше, №114 «СберБанк» ғимараты, 2 қатар Байланыс телефоны: 871237(7-91-68)

Құрметпен,

Жылыой аудандық кәсіпкерлер палатасы директоры

Тулендиев Ерболат Амангелдіұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521