Аналардың аялы алақаны

ТАЯУДА ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНДА «ЕРЕКШЕ-ЖАН АНАЛАР» ДЕП АТАЛАТЫН МАССАЖ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ БОЛЫП ӨТТІ. ЕЛБАСЫНЫҢ «КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТЫ МҮГЕДЕК БАЛА ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН 3 АНА БІРІГІП АШҚАН.


Аналар Ақтау қаласында «Мы люди, мы вместе» қайырымдылық қоры ұйымдастырған массаж курсын оқыған. Курста балалар мен ересектерге арналған массаж түрлері үйретіліпті. Кәсіби массажист Иманғазы Досмухамбетовтен арнайы сертификат алған.


«Құлсары Мүгедектері» қоғамдық бірлестігімен бірігіп ашылған орталықта қала тұрғындарына емдік массаж түрлері ақылы түрде көрсетіледі. Ал жұма күндері қызмет көрсету тегін.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларымыз бар. Сол балаларымызды әр қалаға апарып жүргеніміз. Неге өзімізге осындай массаж орталығын ашпасқа деп іздендік. Қыркүйек айында бізге осындай массаж жасауды тегін үйренуге ұсыныс келді. Сол арқылы өз қалтамыздан билет алып, барып оқыдық,- дейді массаж орталығының жетекшісі Ә.Ишангалиева


Ашылу салтанатына облыс әкімінің мүгедектер мәселесі жөніндегі кеңесшісі Гүлбаршын Нұржігітова қатысып, жылы лебізін білдіріп, орталыққа мүгедектер арбасын сыйға тарту етті.

А.ХАУАШЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521