Президент Жолдауында ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлінді. Көпшілік үшін бұл сала – жай ғана жер жыртып, егін егу немесе мал бағу болып көрінуі мүмкін.
Алайда шын мәнінде, ауыл шаруашылығы – экономиканың өзегі, халықтың азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі, жаңа технологиялар мен инновациялар тоғысатын алаң.
Бүгінде әлем жасанды интеллектіні агросалаға енгізіп жатыр. Дәл егіншілік, смарт-фермалар, автоматтандырылған жылыжайлар – ауыл шаруашылығының жаңа бейнесі. Жолдауда айтылған осы бағыттағы бастамалар Қазақстанды аграрлық елден агротехнологиялық державаға айналдыруға жол ашады.
Ауыл шаруашылығы – жастарға да жаңа мүмкіндік. Шаруашылық тек ата-бабадан қалған дәстүр емес, ол – бизнес, ол – табыс көзі, ол – ғылыммен ұштасатын саланың бірі. Сондықтан Жолдаудағы агросаланы қолдау – болашаққа салынған инвестиция.
Президенттің ауыл шаруашылығы туралы бастамалары – ауылды көркейтіп қана қоймай, қаланы да азық-түлікпен қамтамасыз ететін берік көпір іспеттес.
Қарлығаш Шығанақова
Жылыой ауданының Белсенді өмір сүру орталығының басшысы