Ақмешіт кешені көркейтілмек

Енді бірер жылдан соң 2020 жылы Бекет атаның туғанына 270 жыл толады екен. Ал бұл Қазақстанның киелі жерлер географиясының тізіміне енген Ақмешіттей тарихи орынға он шақты жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмепті.

Осы жайлы алдын ала қамданған Ислам қажы Мырзабекұлы аудан әкімдігіне кешенге жөндеу және қосымша құрылыс салу жөнінде өтініш жасаған екен. «Бекет ата» мешітінің имамының сөзін құп алған аудан әкімі Әлимұхаммед Құттұмұрат-ұлы жақында бір топ атқамінерлермен бірге Ақмешітке барды. Аудан әкімі мұнда Ислам қажының және басқа да аудан азаматтарының кешенді көркейтуге байланысты ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Киелі жерге зиярат етушілер санының жыл сайын артып келе жатуына орай мешіт пен қонақүй тарлық етуде екен. «Ақылдасып пішкен тон келте болмас» дегендей, аудан азаматтары киелі жерге келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін кәсіпкерлердің көмегімен қосымша құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін боп шешіп тарқасты.

С.МҰРАТҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521