3Д сканер – көшірменің «көкесі»

        «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы ауданымызда кәсіптің дамуына оң ықпал етуде. Аталған бағдарламаның аясында қайтарымсыз қаражат алып, Қосшағыл ауылдық округінде кәсібін дөңгелентіп отырғандардың бірі жас кәсіпкер – Ерген Үмбетов.

 

 

Оның ерекше кәсібімен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қанат Мыңбаевпен бірге барып, танысып қайтқан болатынбыз.  Ерген 2017 жылы         «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысып,  3Д  сканер алып, арнайы құрал арқылы өнім шығару туралы жобасын ұсынып, 2 млн теңге грантты ұтып алады. Ол қаражатқа Ресейден 3Д сканер сатып алып келген. Сонымен қатар ол қондырғымен жұмыс жасау үшін арнайы бағдарламалармен танысып, курстан өтеді. Қазіргі кезде Қосшағыл ауылындағы өзі тұрып жатқан үйінің қасындағы шағын ғимаратта ағаштан фрезерлі станок арқылы түрлі бұйымдар жасап отыр.

-3Д сканермен жүзіктен бастап, жүк көлігіне дейін түсіріп, көшірмесін жасап шығаруға болады. Ол үшін 4-5 арнайы бағдарламаны білу қажет. Тапсырыстың күрделілігіне байланысты бағасы да әртүрлі. Бұл құрылғы арқылы әртүрлі заттардың пішінін, моделін басып шығаруға болады,-дейді Ерген.  Талапшыл жігіт алдағы уақытта стеклопластик материалынан түрлі бұйымдар жасап шығаруды да қолға алмақшы.

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521