Жылыойда “Таза Қазақстан” экоакциясы аясында жалпыұлттық сенбілік өтті

.

5 шілде күні “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында жалпыұлттық сенбілік өтті.

Аталған іс-шара қала, кент және ауылдық округтерде ұйымдастырылды. 

Экологиялық сенбіліктің негізгі мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Сенбілікке аудан және қала әкімдіктері, сондай-ақ оларға қарасты арнайы дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, 200-ге жуық белсенді қатысты.

“Таза Қазақстан” акциясы аясындағы мұндай сенбіліктер экологиялық жағдайды жақсартуға үлкен септігін тигізіп, қоғамды табиғатты қорғауға бірлесіп үлес қосуға шақырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT