Елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жайық шұғыласы газетінің ұжымы да сенбілік шарасына белсене қатысты.
Тазалық – мәдениеттің айнасы. Осы ұстанымды негізге алған редакция қызметкерлері сенбілікке белсене қатысып, жұмыс орнын және оның айналасын ретке келтірді. Шара барысында сырлау және айналаны тазарту жұмыстары жүргізілді.
Мұндай игі іс-шаралар ұжым мүшелерінің ұйымшылдығын арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімін де күшейтеді. Тазалық – әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі екенін редакция ұжымы өз ісімен дәлелдеді.
Жайық шұғыласы газеті алдағы уақытта да табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті насихаттауға бағытталған бастамаларға белсенді түрде үн қосатын болады.
Гүлдана Жолдасқалиқызы