- "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында қоршаған ортаны қорғау және елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, ауыл ішіндегі тұрмыстық қатты қалдықтар жиналатын арнайы алаңшаларда тазарту жұмыстары ұйымдастырылып, сол аумақтағы төгілген қоқыстар ретке келтірілуде.
Алаңша маңында жиналып қалған қалдықтар қол күшінің және арнайы техниканың көмегімен түгелдей жиналып, шығарыллы. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырумен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да септігін тигізеді.
Аталған шараға ауыл әкімдігі мен мнение қызметкерлері белсенді атсалысты. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары да тазалыққа үлес қосып, айналаны таза ұстауға ынталы екендіктерін көрсетті.
Тазалық — тіршіліктің негізі. Сондықтан мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.


